21 шілде 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы ӘБЕНОВ МАҚСҰТ 1906 жылы Торғайдың Шилі ауылында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Сондай-ақ САУЖОЙдан да дәріс тыңдаған. Ұлы Отан соғысына аттанып, Варшава қаласын азат ету ұрыстарына қатысқан. Соғыста алған жарақатына сай, 1945 жылы елге оралған. Әуелі «Шилі» ұжымшарында, кейін кеңшарда шопан болып істеді. Өкімет марапатына ие болды. Мақсұт ақсақал 1982 жылы қайтыс болды.
