Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Торғайлықтар соғыс майданында

17 тамыз 2020 жыл

 

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

 

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

 

Қалиев Жұмағазы

 

Қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Ақшығанақ ауылында 1923 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Торғай әскери комиссариаты 1942 жылы 15 наурызда әскерге шақырған. Шұбаркөлде дайындықтан өткен соң, Сталинград шайқасына қатынасады, 88 атқыштар полкінде жаумен ұрыста болады. 1943 жылы 14 қазанда жараланып, госпитальға түседі. Ұрыс қимылдарына қатыса алмайтын болған соң, елге қайтарылған. Онда ұжымшарда мал бағады. 1944 жылы қарашада шаңырақ көтереді. Сол жылдан бастап ұжымшар, қаңшарда жылқы бағып, 1979 жылы зейнеткерлікке шығады. Бүгінгі таңда 5 бала,8 немере,1 шөбере көріп отыр. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы күндерінде мерекелік медаль- белгілерімен марапатталған.