Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Сатаев Иманғали

8 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Сатаев Иманғали 1901 жылы 15 қарашада қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Шеген ауылында дүниеге келген, сол кездегі ауыл молдасынан арабша хат таныған. Торғайдағы алғашқы серіктестікке мүше болған. 1932 жылғы аштықты бастан кешірген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1945 жылы Берлинге дейін барған, сөйтіп елге жеңіспен оралған. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы жылдарында мерекелік белгі-медальдарымен марапатталады. Сталин атындағы ұжымшарда, кейін «Торғай» кеңшарында зейнетке шыққанға дейін аға жылқышысы боп, үйірге үйір қосқан еңбеккер болды. Бірнеше ұл, қыз тәрбиелеп өсірген үлгілі отбасының отағасы еді. 1997 жылы 96 жасында дүниеден озды.