Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы
Қалиев Балғожа
1911 жылы Торғай уезінің Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Сауатын САУЖОЙ мектебінде ашқан. Соғысқа дейін әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда малшы боп істеген. Әскерге 1942 жылы ақпан айында алынып, Калининград майданында, Прибалтиканы азат етуге қатынасқан. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін «Ерлігі үшін» медальмен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Ұлы Отан соғысы қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен үнемі аталып отырды. 1994 жылы өмірден озды. Артында 1 қызы, 5 жиені қалды. Бейбіт уақытта КПСС ХХІ съезі атындағы кеңшардың озат шопаны болып, аудандық, облыстық деңгейде талай алғыс – мақтауға ие болды. «Еңбек ардагері» медалінің иегері.