Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы Молдахметов Жұманұр

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы

Молдахметов Жұманұр

1914 жылы Ақкөлде туған. 1941 жылға дейін серіктестік, ұжымшарда еңбек еткен. 1942 жылы ақпанда әскерге алынып, Воронеж, Брянск қалалары үшін ұрыстарға қатысып, ауыр жарақат алып, госпитальда емделген. Жеңісті Кенигсберг қаласында қарсы алған. Елге 1945 жылы тамызда оралған. Ұжымшар мен кеңшардың маңдай алды шопаны болды. Жұбайы Қадиша Шәріпқызымен 6 бала өсіріп отыр. Жеңіс пен Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілердің бәрімен атап өтілген. Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалі де бар. 2009 жылдың басында дүниеден озды.