Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

08.06.2021 ж
Бүгін қарға тамырлы қазақ үшін, айбарлы алты алаш үшін жанын қиған асыл арыстарымыз, Торғай перзенттеріне арналған Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы әдеби мұражайының ашылғанына 30 жыл. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас таусылмас қазына ,өткен өмір мен болашақты жалғастырушысы,зерделеуші, насихаттаушы мұражайымыз 1991 жылдың 6-7 маусымы Республикалық деңгейде Торғайда Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының күндері өтіп, ғылыми теориялық конференция өткізілді. Республикада тұңғыш рет Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының еңбектері елімен 57 жылдан астам уақыттан кейін қайта қауышып, аудан орталығында Алаш арыстарына арналған Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы мұражайы ашылып, жас ұрпақты тәрбиелеп, туған жерге деген мақтаныш сезімін ұялатуда. Аталған мұражай алдында қос Арыстың қоладан құйылған биік тұғырдағы ескерткіші орналасқан. Мұражайдағы бай экспонаттар мен құжаттар, мұрағаттар араға 60 жыл салып халық игілігіне мәдени өміршең мұрасына айналды. Мұнда Ахаң мен Жақаңның балалық шағымен басталған дерек пен дәйек, олардың сонау өткен ғасыр басындағы қоғамдық өмірдегі - тәуелсіздік пен бостандық жолындағы ұлы істерін көз алдыңа елестете алатын нақты құжаттар мен заттай айғақтармен қауышасың.Мұражайда қос арыстың еңбектерінің түп нұсқасы мен тұтынған заттары мұражай жәдігерлерінің жаухарлары, халықтың мұрасы мен қазына. Ахаң мен Жақаң мұражайы одан әрі ізбасарларымен толығып, жалғасын табады. Ахаңның үзеңгілестері, Алаш көсемдері – жалғасады. Ал, Ахмет Байтұрсынұлы өз өмір жолын өлең жолы ақындықтан бастады десек, оны ары қарай жалғастарушыларымыз ел перзенттері ақындарымыз Сырбай Мауленов, Ғафу Қайырбеков, Нұрхан Ахметбеков, Шәміл Мұхамеджанов, Серік Тұрғынбеков, Серікбай Оспанов, Кеңшілік Мырзабеков, Назарбек Бектемісов, Таңатқан Сәтбаев, Нағашыбай Мұқатов, Қонысбай Әбілдермен жалғасады. Ал, Ахаң мен Жақаңның жазушылығын жалғастырушылар Мұхамеджан Дүзенов, Әбдрашит Бектемісов, Қойшығара Салғарин, Сейіт Кенжеахметов, Төлен Әбдік, Қоғабай Сәрсекеев, Ілияс Байтұрсын, Қайсар Әлім болып жалғап, Торғай перзенттері өз орнын алған. Қазіргі таңда мұражай өз деңгейінде жұмыс атқаруда. Міне, мұражайға жыл сайын ұзақ қашықтыққа қарамастан туристтермен келушілердің саны артып келеді Торғайдың әр азаматы елдің, жердің өнердің қайнар көзіне айналған аймақтың өткеніне тамсанып, тағзым етсе, бүгінгі көзі тірі ел мақтанышына айналған ұл-қыздарының есімдерін ілтипатпен айтады. Олардың әрбір жақсы істерімен халқына ұсынған еңбектерінен мағлұмат алады.