Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

01.07.2021 ж
Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылдан әр жылдың шілде айының бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні болып айқындады.
Домбыра — ерте заманнан бері халқымыздың киесі,қазақ даласының қуаныш – қайғысын шертуші рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі.
Ұлтымызбен жасасып келе жатқан домбыраны ғалымдар IV ғасырда Хорезм мен Жамбылда жүргізілген археологиялық зерттеулерде табылған тасқа қашалған қос аспаптың суретінен кейін домбыраны тас дәуірінде пайда болуы мүмкін деп болжайды. Ал ғалым Кемел Ақышев болса, б.з.б 4000 жыл бұрын салынған домбыраның суретін тапқан. Яғни, содан бергі уақытты есептеп қарағанда домбыраның кем дегенде 6 мың жылдық тарихы бар.
"Домбыра" сөзі көне шумерден аударғанда "кішкене садақ" мағынасын білдіреді. Ахмет Жұбановтың айтуы бойынша «домбыра» сөзінің шығу тарихы «қозы құйрық» сөзімен байланысты «дунбаһ» және «бурра» деген қос араб сөздерінен дүниеге келген. Расымен де, бұл музыкалық аспаптың пішіні конус секілді, яки қозының құйрығы сияқты аяқталады. Ал К.Жүзбасовтың мәліметінше, домбыра сөзі музыкалық орындауға тікелей қатысты: дем және беру сөздерінен тұрады. Тағы бір деректерде "дом+бұра" сөздерінен шыққан делінеді. «Дом» сөз қазірге дейін "домығып, ісініп кетіпті" мағынасынта қолданыста жүр. Ал «бұра» яғни, "күйге келтір" дегенге саяды.
Көне домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. Соның бірін назарларыңызға ұсынамыз.