10- тамыз - қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні.
Абайдың қара сөздерінің мәні мен маңызы.
Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өз ғұмырын тек өлең жазуға, орыс және басқа да тілдерден аудармалар жасауға арнамаған. Сонымен қатар публицистикалық шығармаларын яғни "қара сөздерін" жазып қалдырғаны белгілі.
Ең алғашқы қара сөзінде алдағы өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні жайлы талқылап, жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, балаларды бағу - қажып, жер ортасы жасқа келгенде бұлардың ешбірін кәсіп қылғысы келмеді. Осы уақытқа дейін қылып жүрген істерінің байлаусызын, баянсызын, барлығының қоршылық екенін 1-ші қара сөзінде атап көрсетеді. Қорытындысында ойына келген нәрселерді қағазға жазып, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылуды жөн көреді: "Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын,я оқысын,керегі жоқ десе , өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ",- деп ойын түйіндейді. Қара сөздерінің қайсысы болмасын қазақты жақсылыққа, игі істерге шақырады , жамандық пен жалқаулықтан жирендіру үшін түрлі әдіспен сөздерден маржан түзіп әсерлі етуге барын салғандығы ерекше .
Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Абайды тану арқылы біз әлемге қазақ елін танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттың ұраны болуға тиіс.
10.08.2021 ж